Қалтасы қалың танымалдар

0
223
rbc.ru

Forbes жаһандағы ең қымбат танымал адамдардың тізімін жасады, құрамға әйгілі спортшылар, музыканттар, актерлер мен тележүргізушілер енді. 

дереккөзден

Forbes берген бағаға сәйкес, Флойд Мейвезердің жылдық кірісі 285 млн $ құрады. Оның 275 млн $ Мейвезер Конор Макгрегормен шаршы алаңда жүздескені үшін алған, деп жазады РБК.

rbc.ru

Актер Джордж Клуни бір жылда 239 млн $ табыс тапқан. Клуниге көп табыс әкелген өзі негізін қалаған Casamigos текила өндіруші компаниясы.

дереккөзден

20 жастағы сән көрсетуші Кайли Дженнер Kylie Cosmetics косметика желісінің арқасында 166,5 млн $ қаражат тапқан.

дереккөзден

Қорғаушы, сот төрағасы, тележүргізуші, “Джуди сот төрағасы” (1996 жылдан бері) өзі жүргізетін телешоуы арқылы танылған  Джудит Шейндлин бір жылда 147 млн көк қағаз пайда тапқан.

дереккөзден

U2 ирландық рок-тобы жылына 118 млн доллар қаражат табады. Топтың 2017 жылғы The Joshua Tree Tour концерттік туры 316 млн $ қаражат жинады.

дереккөзден

Рейтингтің жетінші қатарынан орын тепкен Британ аралдарының рок-тобы – Coldplay. Олардың жылдық табысы 115,5 млн $  құрады.

дереккөзден

Аргентиналық шабуылдаушы Лионель Месси бір жылда 111 млн $ қаражат тапқан. 2017 жылдың қарашасында Месси “Барселонамен” 2020-2021 жылға дейін келісімшартты ұзартып, нәтижесінде 80 млн доллар табысқа кенелді.

дереккөзден

Эд-Ширан британдық поп-музыкант Forbes тізімінде ең жоғары ақы төленетін музыкант болып саналды. Бірқатар сәтті өнер көрсету сондай-ақ, Shape of You синглының сәтті сатылымы нәтижесінде Эд-Ширан бір жыл ішінде 110 млн доллар табыс тапқан.

дереккөзден

Криштиану Роналду табыс көрсеткіші бойынша  Мессиге жол берді. Бір жыл ішінде Роналду 108 млн $ табыс тапқан. Роналдудың “Реалмен” жасасқан қазіргі келісімшартына сәйкес, алдағы үш жылда ол 50 миллион доллар қаражат табуы керек. Роналдудың Nike компаниясымен өмір бақи жасасқан шарты оған 1 млрд $ көлемінде табыс әкелді.

дереккөзден

Джонсон Дуэйн де Forbes тізімінен орын тепкен, дегенмен, тапқан табысы айқындалмаған. Дуэйн 1996 жылы WWF дебют жасады. Кейіннен кино саласына бет бұрды. Дуэйннің соңғы түскен картинасы «Джуманджи: Зов джунглей».

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз