АҚШ пен Еуропа лаңкестерді насихаттауға қарсы операция жүргізді

0
343

Еуропалық Одақ пен Америка Құрама Штаттары ДАИШ* лаңкестік ұйымын насихаттауға қарсы бірлескен операция өткізді. Бұл туралы 27 сәуір Еуропалық Одақтың полиция қызметі мәлімдеді. Бірлескен полиция операциясының нәтижесінде лаңкестерді насихаттау арналары күшті соққыға ұшырады, деп хабарлайды dw.com.

Европолдың төрағасы Роб Уэйнрайттың мәлімдеуінше, Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың біріккен екі күндік операциясының қорытындысы бойынша лаңкестік ұйымдар өз қызметтері туралы ақпарат таратып ДАИШ-ты насихаттау жолында пайдаланатын медиа құралдары ауыр соққыға ұшыраған.

Атап айтқанда, Канаданың солтүстігінде, Нидерландыда және Америка Құрама Штаттарында полиция қызметкерлері лаңкестік ұйымдарды насихаттаумен айналысатын медиа құралдарды тәркіледі.

Лаңкестік ұйымдарды насихаттауға қарсы операциялар полиция өкілдері ЕО мүшелеріне лаңкестік топтарды насихаттайтын медиа-арналардың бар екендігінен хабардар еткеннен кейін 2015 жылдың аяғында басталды.


Лаңкестік ұйымдарды насихаттайтын ақпараттық агенттіктерді соққылау алғаш рет 2016 жылдың тамыз айында жүргізілген болатын.

Террористік ұйымдарды әлеуметтік желіде насихаттауға қарсы екінші операция 2017 жылдың маусым айында испан азаматтық гвардиясының басшылығымен өткізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз