Астана процесіне қатысушы делегациялар бүгін елордаға келе бастайды

0
53

Бүгін Астанаға Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі жетінші халықаралық мәжіліске қатысушы делегациялар келе бастайды деп хабарлайды ТАСС.

30-31 қазанда Астанада Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі 7-ші халықаралық кездесу өтеді.

«Делегация бүгін кешке келе бастайды. Эксперттердің екіжақты және үшжақты кездесулері ертеңге жоспарланған», – дейді ҚР СІМ баспасөз қызметі басшысы Әнуар Жайнақов.

Келіссөздер барысында қатысушылар тұтқындарды босату, қаза тапқандардың денелерін тиісті жерлерге беру, хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу жөніндегі жұмыс тобының ережесін бекітуді жоспарлап отыр.

Тараптар сондай-ақ, халықаралық терроризмге қарсы күрес мәселелерін және Сириядағы гуманитарлық іріткушілікке қатысты бірлескен мәлімдемелер қабылдайды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз