Астанада үш автобус соқтығысып, екі адам қайтыс болды

0
103

26 наурыз күні Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда үш автобус соқтығысып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы “Астана LRT” компаниясы хабарлады.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі апат 9.14-те болғанын, 25 адамның жапа шеккенін мәлімдеді.

“Ұлы Дала мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында үш автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып қалды. Қала іргесінен қатынайтын №303 маршрут №12 автобусқа соқтығысқан. №12 автобус №53 маршрутты жанап, ол жедел жәрдем көлігін соққан”, – дейді “Астана LRT” компанияcының баспасөз қызметі.

Астана полициясы қаза тапқандар туралы ақпаратты растады.

“Жағдай анықталып жатыр. Алдын ала дерек бойынша, №303 маршруттың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан” деп мәлімдеді полиция департаменті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз