Астанадағы өрт 5 баланың өмірін қиды

0
137
Сарыарқа ауданындағы Шыңғыстау көшесінде орналасқан өртенген үй.

4 ақпанға қараған түні Астанада шыққан өрттен бес бала қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Астана қалалық ТЖД “101” пультіне сағат 02:34-те Сарыарқа ауданындағы Шыңғыстау көшесіне орналасқан жеке үйдің ауласындағы уақытша тұрғызылған баспанада өрт шыққаны туралы хабар түскен. 30 шаршы мер аумақты шарпыған жалыннан үйдің 25 шаршы метрлік төбесі опырылған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бөлімшесі тілсіз жауды 03:06-да ауыздықтап, 03:24-те толықтай сөндірді.

Өрт орнынан 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туған бес баланың мәйіті табылды. Олардың әке-шешесі жұмыста болған. Өрт сөндіруге Астана ТЖД-нің 17 қызметкері мен 5 техникасы, сондай-ақ  ТЖК Орталық аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 техникасы тартылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз