Атырау қаласындағы қазақ драма театры өртке оранды

0
332

Атырау қаласында орналасқан Махамбет Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театры өртке оранды. 

ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің мәлімдеуінше, 14:30-да Атыраудың “101” пультіне М. Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрында өрт шыққаны жайлы хабар түскен.

“Екінші қабатта электрқалқан жанып, кейін от ғимараттың шатырына тараған. Өрттің болжамды аумағы – 1500 шаршы метр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 40 адамы мен ТЖД-нің жеті техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері драма театрының аумағын қоршады”, – деді Нұрахметов.

“Қазіргі уақытта жедел штаб құрылды, 9 техника мен 50 өртсөндіруші жұмыс істеп жатыр. Өрттің себебі анықталғаннан кейін қалыпқа келтіру жұмысы басталады”, – деді оқтға орнына келген Атырау әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз