Қазақстан мен Қырғызстан шекараны шегендейді

0
63
дереккөзден

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары 12 қыркүйекте Мәжілістің жалпы отырысында Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны шегендеу туралы келісімді ратификациялады.

Келісімнің басты мақсаты  – екі мемлекет арасындағы мемлекеттік шекара сызығының халықаралық-құқықтық бекітілуі, деп мәлімдеді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді. Мемлекеттік шекараның шегенделген сызығының ұзындығы 1257,07 шақырымды құрады.

Мемлекеттік шекараның бастапқы нүктесі болып Қазақстан, Қырғызстан және Қытайдың түйісу нүктесі деп шешілсе,  Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның түйісу нүктесі шекараның түйіні деп айқындалды.

Тараптар 10 жылда бір рет шекараның айқындалған сызықтарын тексеріп тұратын болады.

Бұдан өзге Парламент палатасының жалпы отырысында депутаттар Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз