Қазақстан рохинджа мұсылмандарына 500 мың доллар бөледі

0
56
дереккөзден

Қазақстан Мьянма мен Бангладештен босқан рохинджа мұсылмандарына ресми гуманитарлық көмек ретінде 500 мың доллар бөледі.

Бұл қаражат Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа мемлекеттердің аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл резервінен жіберіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін РИА Новости хабарлағандай, төрт айдың ішінде Бангладешке Мьянмадағы Ракхайн штатында тұратын 665 мың рохинджа ұлтының өкілдері, этникалық бенгал-мұсылмандары босқан.

Атап өтсек, рохинджа Мьянманың Ракхайн штатында тұратын этникалық бенгал-мұсылмандары, рохинджа әскерилерінің ұйымдасқан жаппай шабуылынан кейін көршілес Бангладештің шекара аймақтарына қарай босты. 

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз