Қазақстанда 28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

0
103
Апатқа ұшыраған ұшақ. Алматы, 27 желтоқсан, 2019 жыл. Photo: Reuters

Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты 28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл ақпаратты президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Желтоқсанның 27-і күні таңертең Алматы әуежайы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Ұшақта 93 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. Қаза болғандардың санына байланысты ақпарат сәт сайын өзгеріп жатыр. Ресми орындар бастапқыда 15 адамның қаза тапқанын хабарлаған. Кейінірек Алматы қалалық әкімдігі ұшақ апатынан 12 адамның қаза болғанын мәлімдеп, олардың тізімін жариялады. Олардың арасында экипаж командирі де бар.

50 адам Алматы қаласы мен облыстағы бірнеше ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оннан астам адамның жағдайы ауыр екенін айтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз