Қазақстанда неміс технологиясымен әжетханалар тұрғызылады

0
93
дереккөзден

Қазақстанда көшеде мыңдаған әжетхана тұрғызу жоспарлануда. Жаңа әжетханалар туризм саласын дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарлама негізінде салынады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Мәдениет және спорт министрлігі өкілдерінің сөзінше әжетханалар ультразаманауи және неміс технологиясына сай жасалады. Өз кезегінде шенеуніктер бюджет қаражаты бұған жұмсалмайтындығын алға тартады.

Қазіргі таңда әжетхана тұрғызуға қаражат салатын салымшылармен келіссөздер жүруде. Әжетханалар Қазақстанның ең көрнекі орындары орналасқан арнайы жерлерде салынатын болады. Мәдениет және спорт министрлігі мұндай көрнекі он орынның бар екенін алға тартады.

Оның ішінде Бурабайдағы демалыс аумақтары, Алакөл өзені, Алматы таулары. КТК ақпарына сәйкес көше әжетханалары Астана, Алматы, Маңғыстауда тұрғызылатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз