Қазақстанның бас санитар дәрігері ауысты

0
101
Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов. Photo: inform.kz

Қазақстан үкіметінің қаулысымен Ерлан Қиясов бас мемлекеттік санитар дәрігері лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарған.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы “Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы” қарқынды терапия реанимация бөлімшесінің санитары болып бастаған.

1997-1999 жылдары – Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы. 1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін Қазақстан президенті іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында – санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, “санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы” РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеген.

Еске салайық, бұған дейін елдің бас санитар дәрігері қызметінде Айжан Есмағамбетова отырды. Ол 20 наурызда сол кездегі денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жарлығымен Жандарбек Бекшинді алмастырған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз