Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр соңы қарға ұласады – синоптиктер

0
66
ашық дереккөзден алынды

21-23 қазанда Қазақстанның солтүстік өңірінде жаңбыр соңы қарға ұласады деп болжайды синоптиктер.

«Қазақстанның солтүстік бөлігіне үлкен жылдамдықпен ауысқан атмосфералық фронттар демалыс күндері жаңбырдан қарға ұласатын жауын-шашынға әкеледі, батыстан қатты жел соғуы күтілуде», деп хабарлайды «ҚазГидромет» РМК.

Жаңа циклон Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарында қалыптасады, ол жексенбіде Қазақстанның батыс өңірлеріне өтеді және дүйсенбі күні орталық және солтүстік аймақтарға жетеді.

Циклонмен ауа температурасының төмендеуі және солтүстік өңірлерде қар тәріздес жауын-шашын күтілуде.

Оңтүстiк және оңтүстік-шығыс өңiрлерде алдағы демалыс күндері жауын-шашынсыз жылы ауа-райы сақталады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз