Әділет министрлігі Астана атауын Нұр-Сұлтанға өзгертуге қатысты түсініктеме берді

0
20
с источника

ҚР әділет министрлігі Астана атауын Нұр-Сұлтан атауына өзгертуге қатысты мәселеге түсініктеме берді.

Министрлік президент өкілеттігін алған Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгеріс енгізуге қатысты бастама көтере алмайтындығын атап өтті. 

“Қазақстанның елордасы – Астана қаласы болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында белгіленген.

Конституцияға өзгертулерді Парламент Конституцияның 53-бабы негізінде енгізе алады. Яғни Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Президенттің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізе алады.

Алайда, Конституцияда сайланған Президенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату нәтижесінде Президенттің өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлғаның Конституцияға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасауға құқығы жоқ екендігі анықталады (48-бап).

Сонымен қатар, Конституцияға түзетулер республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін (91-бап). Референдум өткізу туралы бастама құқығы Парламент немесе Үкіметке берілген. Референдум өткізу туралы немесе одан бас тарту туралы шешімді Президент қабылдайды”, – дейді министрлік.

“Бұл ретте, егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Бұл жағдайда Парламенттің шешімі жоғарыда аталған 53-бапта көзделген тәртіппен қабылданады”, – деп хабарлайды әділет министрлігі.


Астана атауын Нұр-Сұлтанға өзгерту туралы шешімді Парламент 20 наурызда қабылдады. Президент Тоқаев референдумнан бас тартты. Парламенттің қос палатасының да депутаттары Қазақстан астанасын Нұр-Сұлтан атауына өзгертуді бір ауыздан қолдады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз