Қиясов Тенге пышақ сұққанын мойындады

0
81
фото: ІІМ

Қазақстандық фигурист Денис Тенді өлтірді деген айып тағылған Нұрәлі Қиясов істегенін мойнына алды, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan сот залынан.

Н. Қиясов спортшыға ажал құштырған пышақ жарақаты үшін айыпталды.

Қиясов өзінің кінәсін толық мойындайтынын, алайда қылмыс жоспарлы түрде жүзеге аспандығын алға тартты.

Дегенмен, біраз уақыт өткеннен кейін айыпталушы тек ұрлық жасағанын ғана мойнына алған.

“Тек ұрлық жасағанымды мойындаймын. Оксана Тен және барша қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Күнә жасағанымызды түсінемін. Мүмкін болса, бізді кешіріңіздер. Қазір Денис Теннің анасының жүрегіне қалай ауыр тигенін түсінемін”, – деді Қиясов.

Соттың тергеу-тексеру үрдісіндегі бірінші тергеу барысында Қиясов фигуристке пышақ сұққан Құдайбергенов екенін алға тартқан. Қорғаушыға шынын айтуға қорыққандығын алға тартқан. Сондай-ақ, тергеу барысында Қиясов Толыбаева ұрлық-қарлық турасында білгенін, әрі сырттан бақылауы тиіс болғанын айтқан.

Сотта айыпталушы Толыбаева мен өзге сотталушылар арасында ешқандай да келісімнің болмағандығын алға тартқан. Бұдан өзге Қиясов полицияға берген түсінігінің қате жазылғандығын да айтқан.

Қиясовтан өзге айыпталушылар қатарында Арман Құдайбергенов пен Жанар Толыбаева бар. Құдайбергенов те адам өлімінде айыпталса, Толыбаеваға қылмысты жасырды деген айып тағылды. Жұма күні өткен сот тыңдауы барысында Құдайбергенов өлім жоспарлы түрде жүзеге аспағанын және Тенге пышақ сұқпағанын алға тартқан. Толыбаева, өз кезегінде, жігіттердің көліктерден айна ұрламақ болғандығын білмегенін айтқан.


Денис Тен 19 шілдеде Алматы қаласында өз көлігінің айнасын қолды етпек болғандардың пышақ жарақатынан көз жұмды.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз