Президент бірқатар заңға қол қойды

0
92
дереккөзден

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бірқатар заңға қол қойды.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәйкес, мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұдан өзге «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз