Нұр-Сұлтанда әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы басталды

0
113
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы.

18 қыркүйек күні Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысы басталды.

Съезге әлемнің әр тарапындағы 6 діннің 20 шақты өкілі келген. Атап айтсақ, ислам, христиан, иудизм, буддизм, даосизм және индуизм.

Отырысты ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева ашып берді. Ол барша дін өкілдеріне алғыс айтып, әрқайсына жеке-жеке сөз беріп жатыр.

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева.

Жиында әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съез қорытындылары мен хатшылық қызметінің келешегі бойынша пікір алмасады.

2021 жылғы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезін өткізу бойынша ұсыныстар айтылады. Атап айтсақ, съездің негізгі тақырыбы, секциялық отырыстардың тақыптары мен өткізілу мерзімі талқыланады.

Съез хатшылығының ХІХ отырысын өткізу уақыты мен орны анықталмақ.

18 қыркүйек. 2019 жыл. Нұр-Сұлтан. Бейбітшілік және келісім сарайы.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII отырысының хаттамасын қабылданады деген жоспар бар.

Abdimanap KENES

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз