Назарбаев Қытайдың жоғары марапаты Достық орденімен марапатталды

0
120

ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Достық орденімен марапатталды. Бұл туралы өзінің Twitter парақшасында тұңғыш президенттің баспасөз қызметінің басшысы Айдос Үкібай хабарлады.

ҚХР Достық ордені – шетел азаматтарына арналған жоғары мемлекеттік марапат.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу барысында Н.Назарбаев “Қытай мемлекеті Қазақстан үшін көршілес ел және экономикалық серіктес қана емес, сонымен бірге сенім артып, тірек санайтын біздің жақын досымыз”, – деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз