Пәкістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

0
106
Photo: @globaltimesnews

Пәкістанда Карачи әуежайының маңында “Пәкістан халықаралық әуе желісінің” жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Reuters-тің жазуынша, ұшақ бортында 107 адам: 99 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Airbus A320 ұшағы Карачи қаласынан Лахорға жолаушылар тасымалдаған. Жерге қонуға шамамен бір минут қалған кезде құлаған.

Geo.tv хабарлауынша, ұшақ құлаған ауданда бірнеше тұрғын үй бүлінген. Оқиға орнында пәкістандық әскерилер мен арнайы қызмет өкілдері құтқару операциясын жүргізіп жатыр.

Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз