Кореядағы ақ Олимпиаданы үш арна тікелей эфирде көрсетпек

0
66

Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары республиканың үш телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Біздің министрлік XXIII – қысқы Олимпиада ойындарының көрсетілімін жүзеге асыратын құқыққа ие компаниямен келіссөздерді аяқтады. Олимпиада ойындарын ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында ел тұрғындары отандық арналардың тікелей эфирінен тамашалайды.

Дүниежүзі назар аударатын дүбірлі доданы «ХАБАР», «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналары тікелей трансляциялау құқығына ие болды. Мәселен, «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналары 150 тікелей трансляцияға шығуды жоспарлап отыр. Ал, «Хабар» арнасы арқылы 208 сағатты құрайтын 100 трансляция эфирге шығады», – деп мәлімдеді министр.

Сонымен қатар, қазақ және орыс тілдерінде Олимпиада күнделігін көрермен назарына ұсыну жоспарланған. Демек, Пхёнчханға арнайы барған тілшілер тобы күнделікті соңғы ақпараттарымен бөліседі.

Біздің жерлестеріміз 9 спорт түрі бойынша сайысқа түседі. Олар: биатлон, мәнерлеп сырғанау, коньки тебу, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғымен секіру, фристайл акробатика, могул.

Арслан Али

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз