Қ.Р БҰҰ-на мүшелігі мерейтойына арналған пошталық маркалар қолданысқа енгізілді

0
80

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына қосылуының және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастамасының 25-жылдық мерейтойларына арналған пошталық маркаларды енгізу рәсімі өтті. Рәсімге сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев пен «Қазпошта» акционерлік қоғамының атқарушы директоры Сәуле Егембердиева қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«БҰҰ-дағы мүшелігінің жылдары Қазақстан мемлекеттердің халықаралық қауымдастығына сәтті енумен ғана шектеле қоймай, онда салмақты орынға иеленді. Түрлі жылдары еліміз БҰҰ алаңшаларында әлемдік қоғамдастық талап еткен бастамаларды, соның ішінде АӨСШК-ні іске асырды», – деді Е. Ашықбаев алғысөзінде.

Сондай-ақ, сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары «ширек ғасыр ішінде әлемдік саясатта беделді орынға иеленген АӨСШК Азиядағы қауіпсіздік пен сенім шараларының тиімді құралы мәртебесіне айналуына толықтай негіздемелері бар» екенін атап өтті.

«Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясынан ұсынылған пошталық маркалар төртбояулы офсетті баспамен, 20 маркадан тұратын маркалы парақ түрінде жасалған, таралымы 10 000 дананы құрайды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз