Ресейлік тілшілер мінген автобусқа шабуыл жасалды

0
130

Ресейлік тілшілер Шығыс Ғұта туралы арнайы сюжет дайындап келе жатқанда олар мінген автобусқа оқ атылды. Бұл туралы Korrespondent хабарлайды.

РФ Қорғаныс минитрлігінің мәлімдегеніндей, шабуылдан НТВ телеарнасының тілшісі және Россия 1-ші телеарнасының тілшісі сонымен қоса Звезда телеарнасының операторы жарақат алды. Шабуыл Мәскеу уақытымен сәрсенбі 18:20 шамасында болған.

Жарақат алған журналистер оқиға орнынан шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз