Словакия Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

0
80
Ақорда

15 қарашада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Словакия Республикасының премьер-министрі Петер Пеллегринимен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы Словакия премьер-министрінің бұл сапары мемлекетаралық байланыстырды одан әрі нығайтуға және экономиканың түрлі салаларындағы ықпалдастықты тереңдетуге серпін беретінін атап өтті.

– Елдеріміз арасында жақсы қарым-қатынас орнаған. Сапарыңыздың барысында премьер-пинистр Б.Сағынтаевпен кездесу өткіздіңіз. Сізбен бірге Қазақстанға бизнес өкілдері де келіпті. Осы сапарыңыз өзара байланыстарымызды дамытуға жаңаша жол ашады деп ойлаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

П.Пеллегрини еліміздің әлемде мемлекетаралық диалог орнату ісіндегі маңызды рөлі жөнінде айтты.

– Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы беделі зор. Көптеген халықаралық мәселелерді шешу жолындағы Қазақстанның тұрақтандырушы рөлін жоғары бағалаймыз, – деді Словакия Республикасының премьер-министрі.

Сонымен қатар, П.Пеллегрини екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды өркендетудің маңыздылығын атап өтіп, агроөнеркәсіп және индустрия секторларында, көлік-логистика саласында, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасының аясында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз