Су ресурстары бойынша комитет төрағасы қызметінен босатылды

0
88
фото: www.yk.kz сайтынан

Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары бойынша комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қызметінен аластатылды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа ақпар бермеді.

И.Әбішев ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары бойынша комитетінің төрағасы болып 2012 жылы тағайындалды. Түрлі жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Өскемен қаласының әкімі, 2012 жылдан бері ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы болды.


Еске салсақ Орал-Каспий су тоғанында балықтар жаппай қырылған еді. Балықтардың қырылуына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты кінәлілерді айқындау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде. Тұрғындар арасында балықтан яки судан улану жағдайы тіркелмеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз