Сыбайлас жемқорлық: Болгар тілшісін қасақана өлтіріп кетті

0
129

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселелерді қозғаған хабардан кейін болгариялық журналистті қасақана өлтіріп кетті. Оның мүрдесі жексенбі күні қалалық саябақтың бірінен табылған. Тексеріс нәтижелерінен кейін Виктория есімді тілшінің басынан соққы беру және тұншықтыру әдістерін қоланып өлтіргені мәлім болған.

Сондай-ақ, тексеріс нәтижесі бойынша қаскөйлер 30 жастағы журналистің қалта телефоны мен көзідірігін тарты алып, сексуалдық зорлық көрсеткен.

Болгарияның премьер-министрі Бойко Борисовтың айтуынша, тергеу барысында көптеген айғақтарға қол жеткізілген, дегенмен қылмыскерді қолға түсіру уаытытың еншісінде.

Қазіргі уақытта Халықаралық ұйымдар республика билігінен сыбайлас жемқорлық пен тілшінің өліміне қатысы бар адамдарды мүмкіндігінше тезірек жазалауды талап етуде.

ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Дезир Твиттер әлеуметтік желідегі парақшасында болгариялық тілші Виктория Маринованың өлімін 2017 жылдан бері жантүршігерлік жағдайда қасақана шабуыл жасалған тілшілер тізіміне қосқан.

Виктория Маринова болгариялық TVN телеарнасынан көрсетілетін “Детектор” басғарламасының жүргізушісі қызметін атқарған. Қастандық жасалардан алдын Виктория бағдарламаны сыбайлас жемқорлық тақырыбына арнап ЕО қаржыландыратын жобаларды жүзеге асырудағы заң бұзушылықтар туралы бірқатар нақты мәліметтерді ескере отырып, сөз қозғаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз