Қытай еш уақытта өз шарттарына мәжбүр етпейді – Назарбаев

0
77
Елбасының баспасөз қызметі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың басты бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді. Осы жылы Қытай Халық Республикасының құрылғанына 70 жыл толады, бұған дейін Назарбаев “Бір белдеу, бір жол” форумында мінберде сөз сөйлеу барысында қытай халқын атаулы мерейтоймен құттықтаған еді.

Елбасының сөзінше тарих үшін 70 жыл анау айтқандай ұзақ мерзім емес. Қытай өз тарихында талай қиындықты бастан кешті.

“Қорлық, соғыс, құлдырау, импералистердің басып кіруін бәрін көрді, аман қалды. Мемлекет мәдениет төңкерісін өткерді, түрлі ұрпақтардың қиындығы мен ауыртпашылығынан өтті, қазір гүлденуге қадам басты. Сондықтан, мен 70 жылды Қытай қуатты әрі бәрі санасатын дамыған мемлекет ретінде еңсерді деп есептеймін. Бәрі ғылыми-технологиялық дамумен санасады. Қытай қорғаныс саясатында ғарышқа шығып, басқа мемлекеттерді басып озды”, – деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы Қытайдың Ресеймен мұнай-газ кешені бойынша әріптестігін алға тартып, Қазақстан арқылы түркімен және қазақстанның 40 млрд шаршы метр газы өтетін магистраль салынғанын атап өтті.

“Қазақстан ұсынған құбыр 20 млн тонна мұнай тартады әрі бұл сан көбейе беретін болады”, – деген Елбасы Қытай қазақстандық мұнайдың 20%-нан артығын өндіретінін айтты. 1200-ден артық қытайлық кәсіпорын Қазақстанда жұмыс істейді. “Бұл тек біздің елде, Қытай бар әлемде жұмыс жасауда – Африкада да, Азияда да, Оңтүстік Америкада да және т.б мемлекеттерде. Менің ойымша аталған мемлекеттердің барлығы – Қытай өз шарттарына еш уақытта мәжбүр етпейді  деп айта алады, әдетте батыс бізді үйрететіндей “біз сияқты өмір сүріңдер” демейді”, – деді Н.Назарбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз