Жаңа ішкі істер министрі тағайындалды

0
110
дереккөзден

Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның жаңа ішкі істер министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Полиция генерал-майоры Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев 1962 жылы 14 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. 2012 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін ішкі істер министрінің орынбасары лауазымын атқарды.

Ішкі істер органдарында заңгер ретінде алғашқы еңбек жолын 1984 жылы бастаған. 1986 жылдан 2002 жылға дейін Алатау және Калининский ішкі істер аудандық басқармасында сондай-ақ Алматыдағы ішкі істер бас басқармасында жедел тергеу бағытында түрлі жетекшілік қызмет етті.

2002 жылдың ақпанынан қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Тоғызыншы департаментінің басшысы болды. 2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы ІІМ қылмыстық полиция департаментінде басшы болды. 2003 жылдың сәуірінен 2006 жылдың мамырына дейін Басқарма басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басшысы болды. 2006 жылдың мамырынан 2006 жылдың шілдесіне дейін ҚР ІІМ Тергеу комитетінің басшысы, 2006 жылдың шілдесінен 2012 жылдың желтоқсанына дейін Алматы ішкі істер істер департаментінің басшысы лауазымын атқарды. 2012 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін ішкі істер министрінің орынбасары болды.

ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен, І дәрежелі “Қайсар” төсбелгісімен, ІІ дәрежелі “Даңқ” орденімен, сондай-ақ ІІМ және ІІД (Ішкі істер департаменті -ред) мақтау қағаздарымен марапатталған.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз