Жайықтағы балықтардың қырылуын ІІМ зерттейді

0
96

Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуы бойынша істі ІІМ жүргізеді. Бұл туралы 16 наурыз күні Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі кезде бұл оқиға бойынша “Бөтен біреудің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру” (204-бап, 2-бөлім) және “Суды ластау, қоқыстау немесе сарқу” (328-бап) баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

“29 қаңтарда қылмыстық істер ІІМ тергеу департаменті өндірісіне қабылданды, барлық тергеу амалдарын аймаққа кеткен министрліктің орталық аппарат қызметкерлері жүргізеді” делінген 16 наурызда министрлік таратқан хабарламада.

Полиция дерегінше, балықтардың қырылу себебін анықтау үшін барлық қажетті сот сараптамалары белгіленген. Олардың қорытындысына қарай кінәлілерді жазалау бойынша шешім қабылданады.

Балықтардың жаппай қырылуы былтыр желтоқсаннан бері айтыла бастады. Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырауда 7-11 наурыз күндері Жайық өзенінен 3,1 тонна өлі балық жиналғанын хабарлаған.

15 наурызда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мемлекеттік “Хабар” арнасына берген сұхбатында “Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуы бойынша төрт компанияның күдікке ілінгенін” айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз