Қасымов мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды

0
109
Қалмұханбет Қасымов. Photo: Sputnik Қазақстан

Қалмұханбет Қасымов мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы 16 қаңтарда Ақорда сайты хабарлады.

Қасымов президент жарлығымен президент кеңесшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылған.

Бұған дейін мемлекеттік күзет қызметін Әнуар Садықұлов басқарған. 16 қаңтарда оның ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалғаны белгілі болды. Садықұловпен бірге мемлекеттік күзет қызметінен оның орынбасары Әзімхан Жүсіпов те кеткен.

62 жастағы Қасымов былтыр 12 ақпанда президент кеңесшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалған. Оған дейін 8 жыл ішкі істер министрлігін басқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз