Кемеровода үш күндік аза тұту жарияланды

0
106
дереккөзден

Кемерово облысында «Зимняя вишня» сауда орталығындағы өрт құрбандарын еске алу үшін үш күндік аза тұту жарияланды. Бұл туралы Еuronews хабарлады.

60-тан астам адамның өмірін жалмаған өрт құрбандарын еске алу үшін 27, 28 және 29 наурыз қаралы күн деп жарияланды.

Соңғы ақпарға сәйкес, қаза тапқандардың саны 64-ке жетті. Олардың басым көпшілігі балалар. Тағы жиырмаға жуық адам іс-түссіз жоғалғандардың санатында. Жарақаттанған елуге жуық адамға медициналық көмек көрсетілді.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Алдын ала берілген мәліметтерге сәйкес, электр сымдарындағы ақаудан немесе бұзақылық әрекеттен шыққан болуы мүмкін. Қазіргі уақытта қылмыстық іс жүргізілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз