Қазығұрт тауы Наурыздан кейін екі күн бойы қоқыстан тазартылды

0
418

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт тауының бойында Наурыз мейрамын дүркіретіп тойлағаннан кейін әкімшілік қызметкерлері мен жастар ресурсы орталығының қызметкерлеріне қордаланған қоқысты жинауға тура келді.

Шашылып жатқан қоқысқа қатысты әлеуметтік желіде шағымын жеткізген қолданушы Тарас Моисеев салтанатты шаралардан кейін аумақтың қоқысқа толып қалғандығын, екі күн бойы қоқыстың жиналмағандығын алға тартқан еді.

Қордаланған қоқыстан аумақты тазартуға әкімшілік қызметкерлері және жастар жұмылдырылды.

Қазығұрт ауданының әкімдігі қаншама тонна қоқысты жинауға тура келгендігін, қоқыс салтанатты шаралар өткен аумақтан 5-6 шақырымға дейін шашылғандығын, қоқыстан тазартуға екі күн кеткендігін хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз