Павлодар қаласының тұрғыны Марина Баранова Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрт кезінде отбасы мүшелерімен бірге қаза тапты. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.
Өрт кезінде павлодарлық Марина Баранова қызы Наталья Усинова және 4 жастағы немересі Ульяна Устиновамен бірге қаза болды.
Павлодарлық әйелдің Кемеровода қаза тапқанын, марқұмның 12 жыл қызмет атқарған мекемесі «Павлодар-Водоканал» ЖШС растады.
Марина Баранова еңбек демалысын алып, Ресейдегі қызы мен немерелерін көруге барған. Марқұмды жерлеу рәсімі Кемеровода 28 наурыз күні өтеді.
Бүгіннен бастап Кемерово облысында өрт құрбандарын еске алу үшін үш күн 27, 28 және 29 наурыз қаралы күн деп жарияланды.