Сириядағы Хомс провинциясының шығысындағы Т-4 әуе базасы ракеталық шабуылға ұшырады. Бұл туралы Би би си орыс тілді агенттігі хабарлайды.
Агенттіктің мәліметінше шабуыл Сирия әуе қорғаныс жүйелері тарапынан түсірілген. Сириялық ақпарат көздерінің хабарлауынша, сегіз зымыран атылған.
Алдын ала деректер бойынша, ракеталар аэродромның маңында түсіп, шабуыл нәтижесінде әуе базасына материалдық зиян келтірген жоқ. Дегенмен, зымырандық шабуыл салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар. Олардың саны әзірге белгісіз.
Сондай-ақ, ракеталық шабуылды кімнің жасағаны да әзірге белгісіз. Ресей қорғаныс министрлігі әуе шабуылын Израиль әуе күштері жасады деп мәлімдеді. Өз кезегінде Израиль тарапы бұл туралы түсінік берген жоқ.