Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

0
45

Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазГидромет» РМК.

«28 тамызда, 29 қыркүйекте түнде Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтілуде (қар аралас жаңбырға ұласуы мүмкін). Қыркүйектің 28 мен 29 аралығында солтүстік-батыстан 15-20 м / с жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 23-28 м / с жетеді. 29-30 қыркүйекте түнде үш градусқа дейін ауа температурасы төмендейді», – деп мәлімделеді хабарламада.

29-30 қыркүйекте Қызылорда облысында ауа температурасы үш градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

29 қыркүйек Жамбыл облысында, 29, 30 қыркүйек Алматы облысында жауын-шашын болады (қар аралас жаңбырға ұласуы мүмкін), оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 15-20м/с,  23-28 м/с дейін жел күшейеді.

30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түні  ауа  температурасы 1-6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтілуде (қар аралас жаңбырға ауысуы мүмкін), солтүстік-батыстан 15-20 м/с, 23-28 м / с дейін жел күшейеді.

Сайлаубай Сабина

сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз