Ресейдің АҚШ санкцияларына қарсы шарасы

0
82
дереккөзден

Мәскеу Вашингтонмен атом, зымыран-қозғалтқыш және әуе кемелері құрылысындағы халықаралық ынтымақтастықты жоюға ниетті. Бұдан өзге Ресей билігі елді жекешелендіру ісіне америкалық компаниялардың араласуына тыйым салады. Бұл туралы Мемлекеттік Думада хабарланды, деп жазады iz.ru.

Сондай-ақ жобада америкалық ауыл шаруашылық, ішімдік және темекі өнімдерін әкелуге тыйым салынады.

«Бұл заң жобасы АҚШ-та өндірілген немесе АҚШ-тың бізге қатысты (Ресей Федерациясы – ред) қолданған шараларын қолдайтын елдерде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдері, шикізат пен азық-түлігін ел аумағына кіргізуге тыйым салады. Ішімдік және темекі өнімдері де бұл қатарға енеді», – деп мәлімдеді Мемлекеттік Думаның бірінші вице-спикері Иван Мельников, деп жазады «РИА Новости».

Дума жобасы сондай-ақ АҚШ-та өндірілетін IT өнімдерін тұтынуға да тыйым салуды қарастыруда. Бұдан өзге Дума депутаттары АҚШ азаматтарының Ресейде жұмыс істеуін шектеу туралы ұсыныс тастады.


АҚШ 6 сәуірде ресейлік 24 жеке тұлға мен 14 заңды тұлғаға қарсы санкция салды. Шектеу шаралары «Украинадағы жағдайға» байланысты салынды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз