Шығыс Ғұта Асадтың бақылауында

0
106
Шығыс Ғұта/дереккөзден

Cирия әскері Шығыс Ғұтаның қарулы бүлікшілерден толықтай босатылғанын хабарлады. Мемлекеттік ақпарат агенттігі САНА таратқан ақпарға сәйкес, бұрын «Джейш әл-Ислам» экстермистік тобының қолында болған аймақты саперлер әскері миналардан тазарта бастаған.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Дума қаласындағы қауіпсіздік пен қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету үшін орыс әскери полициялары бөлімшелері күзетке қойылған. Жақында аталған аймақтан бүлікшілердің соңғы тобы шығарылды. Ресей қорғаныс министрлігі  гуманитарлық үзіліс әрекеті басталғаннан бері Шығыс Ғұтадан 70 мың қарулы бүлікші және олардың отбасын шығару жұмысы ұйымдастырылғанын хабарлайды.

Қауіпсіздік қызметі және жедел жәрдемнің бақылауында аталған топ өкілдері Сирияның солтүстігіне – қарулы оппозиция орналасқан және түрік әскерлерінің бақылауындағы аймаққа жеткізілді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз