Республикада «Жеңіс күні» мерекесіне дайындық басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
2018 жылғы Жауынгерлік парадқа барлығы 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 30 бірлік ұшу аппараты жұмылдырылды.
Қазіргі уақыта «Отар» 40-шы әскери базасының аумағында ҚР Қарулы Күштері құрамалары мен әскери бөлімдері және «Мәтібұлақ» полигонындағы әскери бөлімшелер мерекеге орай әскери парадқа дайындық үстінде.