Ирактың Орталық соты ДАИШ* лаңкестік ұйымының жеті шет елдік мүшесін өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды. Бұл туралы РИА Новости Al-Sumaria телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сот мәлімдемесінде «Қылмыстық сот ДАИШ (Ислам мемлекеті) лаңкестік ұйымның құрамындағы екі ресейлік әйел мен француз әйелін өмір бойына бас бостандығынан айырды», делінген.
Мәлімдемеге сәйкес, ДАИШ лаңкестік ұйымының құрамындағы Әзербайжаннан келген үш әйел мен Қырғызстандық келіншек өлім жазасына кесілді.
Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі әзірге әйелдің азаматтығы туралы нақты мәліметтер алмағанын хабарлады.
*Қазақстанда тыйым салынған