«АҚШ қолдауынан айрылмау үшін Катар Сирияға әскер жіберуі тиіс»

0
88

Сауд Арабиясы Катарға Сирияға әскер жіберу туралы ұсыныс жасады.

Америка Құрама Штаттарының қолдауынан айрылып қалмау үшін Катар Сирияға өз әскерін жіберуі тиіс. Бұл туралы Сауд Арабиясы корольдігінің Сыртқы істер министрі Адиль аль-Джубейр мәлімдеді.

Министрдің айтуы бойынша, АҚШ-тың әскери базасы Катарды қорғаудан бас тартпай тұрғанда Сириядағы америкалық әскердің құрамына өз әскерін де жіберуі тиіс.

Ол сондай-ақ, АҚШ тарапы Катарды қолдаудан бас тартса, елдегі режим күрт өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

Өткен жылы Сауд Арабиясы, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейн Катармен дипломатиялық қатынастардан бас тартып, Катардың билігін терроризмді қолдады деп айыптаған еді. Кувейт Катарды лаңкестік әрекеттерді қолдады ждеп айыптаған мемлекеттер арасында делдал ретінде әрекет еткенімен жағдайды қалпына келтіре алмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз