Моңғолия сөз еркіндігінде 71 орынға шықты

0
103
дереккөзден

Press Freedom Index 2018 сөз және баспасөз еркіндігі бойынша жыл сайын жарияланатын рейтингте Моңғолия 71 орынға шықты. Аталған рейтингті «Шекарасыз тілшілер» халықаралық құқық қорғау органы жариялады.

Рейтингте жалпы саны 180 мемлекет.

Рейтингке сәйкес, сөз еркіндігі мен баспасөз еркіндігі шектелген елдер: Эритрея және Солтүстік Корея.

Сөз және баспасөз еркіндігі бойынша топ жарған Скандинавия мемлекеттері атап айтқанда, Норвегия мен Швеция.

Қазақстан аталған рейтингте былтырғы көрсеткіштен бір саты төмендеді, яғни 158 орынды місе тұтты. Қырғызстан 98 орында. Ресей өз позициясын сақтап қалды, 2016-2017 жылдардан бері Ресей сөз еркіндігі бойынша 148 орында.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз