Әлем бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) еркіндігін шектеу рекордтық көрсеткішке жетті. Мұндай қорытындыны Париждегі «Шекарасыз тілшілер» халықаралық құқық қорғау органы мәлімдеді. Жыл сайын 180 елді салыстыра отырып анықталатын рейтинг нәтижесінде өткен жылы БАҚ-тың сөз еркіндігі әлемде, нақтылай айтқанда Еуропа, Мальта, Чехия, Сербия, Словакияда айтарлықтай күрт төмендеген.
Euronews-тің мәліметіне сәйкес, «Шекарасыз тілшілер» халықаралық құқық қорғау ұйымының бас хатшысы Кристоф Делуар былай деп мәлімдеген: «Еуропа елдерінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөз бостандығының көрсеткіші әлі де болса төмен деңгейге құлдырай қойған жоқ. Дегенмен, бұл ұстанымдар үшін саяси көшбасшылар ашық түрде журналистерге шабуыл жасап, журналистиканың заңдылығына күмән тудырады. Бұл Еуропа үшін де бүкіл әлемдегі демократия үшін де өте қауіпті саяси ойын».
БАҚ-тың сөз бостандығы көрсеткішіндегі ең төменгі орынды тағы да Солтүстік Корея алды. БАҚ-тың сөз бостандығын шектеген ең төменгі едердің қатарында 21 мемлекет бар. Соның ішінде КХДР-дан кейін Эритрея, Түркіменстан, Әзірбайжан, Ирак, Иран, Мысыр, Қытай, Өзбекстан мемлекеттері.
АҚШ президенті Дональд Трамптың «журналистер – Америка халқының жауы» деген мәлімдемесінен кейін Америкадағы БАҚ-тың сөз бостандығы екі көрсеткішке деңгейін төмендетті.
БАҚ сөз бостандығын есептеушілер Ресей мен Түркиядағы бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі 30 жыл бұрынғы деңгейге дейін төмендегендігін ерекше атап өтеді.