Ашхабад өркениетке оқшаулана қарайды

0
99
дереккөзден

Түркіменстанда әйелдерге шектеу көбеюде. Жаңа шыққан заңға сәйкес, енді көйлектер әйел адамның дене пішімін жасырып тұруы қажет, атап айтқанда, бел мен дене-мүшелерді айқындамауы міндет. Ал көйлектің етегі ұзын, тек аяқ киімнің ұшын ғана көрсетіп тұруы қажет болса, жеңнің ұзындығы саусақты жауып тұруы керек.

АНТ таратқан ақпарға сәйкес, түркіменстандық қыз-келіншектер жаңа шыққан заңға таңданыстарын жасыра алар емес. Ашхабад тұрғыны «Өткенге, киіз үй құрған заманға оралудамыз», – деп жазған редакцияға.

Бұдан өзге түркімен қыз-келіншектеріне шаш бояуға тыйым салынды. Ашық түске шаш бояуға тыйым салынғанын, ашық түске боялған шаш ер адамдардың көзін қызықтыратынын аталған жайтты сән салонына келген қыз-келіншектерге түсіндіру қажеттігін Ашхабадтағы сән салонының шаштараздарының бірі мәлімдейді.

Ескішілдік пен жаңашылдық айқасы

Бұған дейін әйелдерге қатысты қатаң заң талаптары бар мемлекеттер қатарында ерекше аталатыны Сауд Арабиясы еді. Дегенмен, өткен жылы Саудия королі  Салман ибн Әбдул-Әзиз әл-Сауд елде жаңашыл реформалардың басталғанын мәлім етті. Елдегі консерватизмдік жүйеге сәл болсын өзгертулер енгізу атап айтқанда, әйелдерге қатысты шариғи заңдарға шекті өзгерістер енгізуге мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның да тың көзқарастары әсер етпеді деу ақиқатқа жат болар. Өткен жылы Король Салман ибн Әбдул-Әзиз әл-Сауд әйелдерге көлік тізгіндеуге рұқсат беретін жарлыққа қол қойды. Аталған заң 2018 жылдың маусымында күшіне енуі тиіс. Бұдан өзге жылдың басында Сауд Арабиясындағы әйелдерге қоғамдық орындарда абайя кимеуге рұқсат етілді. Сонымен қатар сәуір айының басында Эр-Риядта ел тарихында алғаш рет төрт күндік әйелдер сән апталығы өтті. Қаңтардан бастап әйелдер футбол матчтарына қатыса алатын болды, ал болашақта әйелдер күйеулерінің рұқсатынсыз жеке фирмаларын аша алады.


* абайя – әйел адамның басынан аяғына дейін жауып тұратын, кең қара көйлек.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз