Арменияда «Елк» оппозициялық парламент фракциясы премьер-министр лауазымына ереуілдің көшбасшысы, фракция басшысы Никол Пашинянды ұсынды.
Жақында Пашинян «егер халық сенім артса» Армения премьер-министрі болуға дайын екендігін алға тартқан еді. Euronews таратқан ақпарға сәйес, Пашинян «ашық және әділетті» сайлау өткізу мақсатын ұстанатын уақытша үкімет құруға ниетті екендігін жеткізді. Сарапшылардың пікірінше, Пашинян елде үлкен танымалдыққа ие, ереуіл арқасында жаңа үкіметті басқару мүмкіндігіне де ие болуы ықтимал.
Өткен аптада елдің премьер-министрі болған Серж Саргсян оппозицияның наразылық шеруі салдарынан өз еркімен отставкаға кеткен еді. Үкімет басшысы болып уақытша Карен Карапетян сайланды.
Сәрсенбіден кейін де Армениядағы ереуілдер тоқтар емес, керісінше қарқынды. Ел астанасы Ереваннан өзге қалаларда да оппозициялық шерулер жалғасын табуда. Елдегі жағдай шиеленіске толы.