Елбасы: «Ассамблея – тұрақтылықтың ең басты кепілі»

0
131

 

Ассамблея – тұрақтылықтың ең басты кепілі. Қазақстан жан-жақты жаңғыруды қолға алғандықтан, Ассамблеяға үлкен жауапкершілік артылады. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясында мәлімдеді.

Ассамблея менің ірі бастамаларыма әрдайым қолдау көрсетеді деген Қазақстан президенті аталған бастамалардың сәтті жүзеге асуы ертеңгі күнге сенімді арттырып, мемлекет пен өзара сенімге ықпал ететіндігін алға тартты.

Ассамблея сессиясының басты күн тәртібі – бес әлеуметтік бастама. Бұл тұрғыда мемлекет басшысы наурыз айында әлеуметтік жаңғыру бойынша бес бастаманы жария еткендігін атап өтіп, аталған бастамалардың халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын, қоғамдық бірліктің негізі екенін айтты.

«Бұған дейін бізде халықтың өмірін түбегейлі өзгертетін бастама болған жоқ», – деп түйіндеді Н. Назарбаев.

Бүгін Астанада бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясы өтті.

Сафина Саид

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз