Астана процесіне кепіл елдердің СІМ басшылары кездесті

0
72

Мәскеуде Ресей, Түркия және Иран сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс кездесуі өтті. Бұл туралы Euronews хабарлайды. 

Сергей Лавров, Мевлют Чавушоглу және Мохаммад Джавад Зариф Сириядағы ахуалды талқылап, Сирия аралық байланыстарды дамытуға және мамыр айының ортасына жоспарланған Сирия бойынша Астана келіссөздеріне дайындалуға бағытталған қадамдар туралы талқылады.

Мәскеуде өткен келіссөздер 14 сәуірде АҚШ, Ұлыбритания және Франция бірлескен үштігінің Сириядағы ракеталық шабуылынан кейін Ресей, Иран және Түркия сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі. Егер Ресей мен Иран біріккен үштіктің Сирияға ұшырылған соққысын агрессиялық әрекет деп айыптаса, Түркия оны оң қадам деп қабылдады.

Сондай-ақ, келіссөздер барысында Сириядағы гуманитарлық жағдайға ерекше назар аударылатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз