Елбасы Қазақстан халқына бақ-береке тіледі

0
129

Бүгін Астанада бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясы өтті. Сессия барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жүргізіліп жатқан саясатқа қолдау көрсеткендеріне алғыс білдірді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы бізге тұрақтылық пен әл-ауқат маңызды дей отырып, жаңа тарихи ғасырда Қазақстан халқының алға қойған мақсаттарға жетуге бар мүмкіндігі барын алға тартты.

«Ассамблея мүшелері мен барша қонақтарды алдағы мерекемен – 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі мерекесімен құттықтаймын»,

– деді Н. Назарбаев.

Бұдан өзге Қазақстан президенті Қазақстан халқының қол жеткізген жетістігі бірлік тұғырының мықтылығынан екенін атап өтті.

«Қазақстан халқына бақ-береке, ашық аспан, әр отбасыға жақсылық пен береке тілеймін»,

– деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз