СІМ-де кадрлық ауыс-түйіс

0
100

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Камалдинов СІМ басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды», делінген хабарламада.

Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Президенттің Өкімімен Қазақстанның Канададағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз