Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы Сочиде бүгін 14 мамырда өтеді. 12 мәселе қаралады, олардың басым бөлігі саяси сипатқа ие, деп хабарлады РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, Ресей президенті Владимир Путин Жоғары Еуразия экономикалық кеңес отырысына қатысушы кепілгер елдер Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.
Аталған кездесулерден кейін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кең және тар форматтағы отырыстары өтеді деп күтілуде.
Ресей президентінің көмекшісі таратқан ақпарға сәйкес, В. Путин мен Н. Назарбаев екіжақты кездесу барысында халықаралық аренадағы қарым-қатынасты талқылайды. Ушаков халықаралық аренадағы іс-қимыл аясында өзара ықпалдастықты нығайту мәселелері талқыланатынын алға тартты.
«Қазақстан Сирия бойынша Астанада халықаралық кездесулер ұйымдастыруда басты рөл ойнайды. Астана келіссөздері арқасында қарулы қақтығыстарды тоқтатып, әлемде гуманитарлық жағдайды реттеу, саяси тұрақтылық үрдісін реттеу мүмкін болды»,
– дейді Ушаков.