Елорда төрінде мемлекет басшысының қатысуымен «Астана экономикалық форумы» басталды. Еуразияның жүрегінде ХІ рет өткізіліп отырған Global Challenges Summit-ке БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун, “Apple” компаниясының негізін қалаушы Стив Возняк, Францияның экс президенті Француа Олланд қатысуда.
Экономикалық форумға әлемнің 111 елінен 5 мыңға жуық адам келді. Қатысушылардың қатарында қазіргі және экс министрлер, саясаткерлер мен экономистер бар. Сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаттары, әлемге беделі зор халықаралық қаржы институттарын басқаратындар да бар.
Сонымен қоса 1000-ға жуық БАҚ өкілдері қатысуда. Форум барысында 75 арнайы іс-шара жоспарланған.