«Қазақстан көштен қалған жоқ»

0
99

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев он бірінші Астана экономикалық форумы аясында сөйлеген сөзінде, Қазақстанның жасыл технологияларды дамыту барысында әлемдік тенденциядан тыс қалмағанын, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу арқылы жасыл технологиялардың базасын құруға үлкен мүмкіндік алғанын айтты.

Мемлекет басшысы ворумда сөйлеген сөзінде барша әлем назар аударуы шарт бес трендті, жасыл технологияны дамытудың маңыздылығын айта келе, «Энергетикалық төңкеріс таза энергияны өндіруге бағытталып отыр. 30 жылдың ішінде әлемдегі баламалы энергия көздерінен алынатын қуат көлемі 13 пайызға дейін артты. Соңғы бес жылда күн панельдерінің бағасы екі есеге дейін төмендеді. Электр машиналары өндірісі айтарлықтай дамып келеді. Сарапшылардың пікірінше, егер қазіргі автокөліктерді электр машиналарына ауыстыратын болсақ, жердегі ауаны тазартуға мүмкіндік береді. Яғни ауа осыдан 200 жыл бұрынғы деңгейге қайта келеді. Бұл сарапшылардың айтуы», деді.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу арқылы жасыл технологиялардың базасын құруға үлкен мүмкіндік бергенін айта келе «Қазақстан аталған тенденциядан тыс қалып қойған жоқ. «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізілген ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі елдегі жасыл технологиялардың базасын құруға мүмкіндік алдық. 2030 жылы елімізде елімізде альтернативті энергетиканың үлесі 30 прайызға жетеді», деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз