Қазақстан алғаш рет Бразилияға уран жеткізді

0
98
дереккөзден

Қазақстанның Ұлттық атом компаниясы әлемдік ядролық отын нарығында өз өнімдерінің географиясын кеңейтеді.

«Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәйкес, компания Indústrias nucleares do Brasil (INB)
бразилиялық компанияға табиғи уран концентратын жеткізу бойынша халықаралық тендер ұтып алған. Келісімшартқа сәйкес, «Қазатомпром» белгіленген уақыт аралығында Бразилияға уран жеткізген.

Келісімге қол қою – атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қазақстандық-бразилиялық ынтымақтастықты дамыту және «Қазатомпром» ҰАК »АҚ өнімдеріне жаңа нарықты іздеу контексінде маңызды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.


INB ядролық отын шығару бойынша Бразилиядағы мемлекеттік кәсіпорын. Аталған компанияның қызметін ядролық энергия бойынша Ұлттық комиссия (CNEN), Бразилияның қоршаған орта және жаңартылатын табиғи ресурстар институты (IBAMA) және МАГАТЭ бақылауда ұстап, лицензиялайды.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз